Шаңды дауыл, жаңбыр, үсік жүру, екпінді жел тұруы — 22 мамырға жасалған күн райының болжамы

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазгидромет 22 мамырда болатын ерекше метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл күні солтүстік-батыс циклон синоптикалық процестердің шиеленісуіне әкеледі - ҚР басым бөлігінде жаңбыр жауады, елдің оңтүстік-батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл, екпінді жел, республиканың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында шаңды дауыл күтіледі. Елдің солтүстік-батысында топырақ бетінде үсік күтіледі.

Түркістан облысының басым бөлігінде найзағай, таулы және тау бөктеріндегі аудандарда бұршақ, дауыл, солтүстікте, батыста, оңтүстікте, таулы және тау бөктеріндегі аудандарда жел 15-20, түнде таулы аудандарда екпіні 25 м/с жетеді. Алматы облысының оңтүстігінде, таулы және тау бөктері аудандарында найзағай, бұршақ, дауыл, желдің күшеюі 18-23, екпіні 29 м/с күтіледі. Қызылорда облысының орталығында шаңды дауыл, облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында желдің күшеюі 15-20, екпіні 23 м/с жетеді, түнде облыстың шығысында найзағай, дауыл күтіледі.

Түнде Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында, күндіз солтүстігінде, шығысында найзағай, бұршақ, дауыл, желдің күшеюі 15-20, екпіні 23-28 м/с күтіледі. Қостанай облысының оңтүстігінде, солтүстігінде найзағай, бұршақ, дауыл, желдің күшеюі түнде облыстың оңтүстігінде 15-20 м/с, күндіз басым бөлігінде 15-20, облысының оңтүстігінде, батысында екпіні 23-28 м/с күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде, батысында, солтүстігінде найзағай, бұршақ, дауыл, желдің күшеюі түнде облысының оңтүстік-шығысында 15-20 м/с, күндіз басым бөлігінде 15-20, облысының оңтүстігінде, батысында екпіні 23 м/с күтіледі. Ақмола облысының солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде найзағай, бұршақ, дауыл, жел 15-20, күндіз облысының оңтүстігінде, батысында, шығысында екпіні 23-28 м/с күтіледі. Батыс Қазақстан облысының батысында найзағай, облысының солтүстік-шығысында бұршақ, күндіз облысының батысында желдің екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Атырау облысының солтүстігінде, батысында, орталығында найзағай, күндіз басым бөлігінде желдің күшеюі 17-22 м/с күтіледі. Маңғыстау облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында найзағай, күндіз облысының батысында, оңтүстігінде шаңды дауыл, желдің күшеюі түнде облысының солтүстігінде шығысында, күндіз басым бөлігінде 15-20, күндіз облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 25 м/с күтіледі. Ақтөбе облысының солтүстігінде, батысында, шығысында найзағай, облысының батысында, оңтүстігінде желдің күші 15-20 м/с күтіледі.

Жамбыл облысының оңтүстігінде, солтүстігінде, таулы аудандарында найзағай, бұршақ, дауыл, облысының оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында желдің күшеюі 15-20, екпіні 23-28 м/с күтіледі. Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде желдің күші 15-20, екпіні 25 м/с жетеді, күндіз бұршақ, найзағай күтіледі. Павлодар облысының күндіз солтүстік жартысында найзағай, облысының батысында шаңды дауыл, күндіз басым бөлігінде желдің күшеюі 15-20 м/с күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысының Жарма ауданында, Қызылорда, Павлодар облыстарының орталығында, Батыс Қазақстан оңтүстігінде, Ақтөбе облысының орталығында, солтүстігінде орталығында төтенше өрт қауіпі күтіледі.

Соңғы жаңалықтар