Шаңды дауыл, жаңбыр, найзағай – бейсенбіге арналған ауа райы

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазгидромет 7 сәуірге арналған ауа райы болжамын ұсынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Елдің солтүстік, солтүстік-батыс, шығыс бөлігі антициклонның ықпалында болады. Ал республиканың батысы, оңтүстігі, оңтүстік-шығысы оңтүстік циклон жырасының ықпалы әсер етеді. Мұнда фронтальды бөліктердің өтуімен жаңбыр жауады.

Республика бойынша желдің күшеюі, солтүстікте, батыста, орталықта тұман, оңтүстік-батыста шаңды дауыл, оңтүстігінде, таулы аймақтарда – найзағай күтіледі.

Түнде және таңертең Ақмола облысының оңтүстігінде тұман түседі.

Күндіз Алматы облысының батысында, шығысында жел 15-20, екпіні 25 м/с күшейеді, батысында, оңтүстігінде және таулы аудандарында найзағай жарқылдайды.

Түркістан облыстың оңтүстігінде және таулы аудандарында жел 15-20 м/с күшейеді, таулы аудандарында найзағай, дауыл күтіледі. Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман болады.

Түнде Атырау облысының шығысында жел 15-20 м/с күшейеді. Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында жел 15-20 м/с, күндіз шаңды дауыл күтіледі. Түнде Ақтөбе облысының солтүстік-шығысында көктайғақ болуы ықтимад.

останай облысының батысында, солтүстігінде жел 15-20 м/с, күндіз екпіні 23 м/с күшейеді, түнде және таңертең оңтүстік-батысында тұман түседі. Түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде тұман күтіледі, күндіз солтүстігінде, батысында жел 15-20 м/с күшейеді.

Түнде Павлодар облысының оңтүстік-батысында тұман күтіледі.

Түнде және таңертең Қарағанды ​​облысының солтүстігінде, орталығында тұман, күндіз оңтүстік-шығысында найзағай жарқылдайды.

Шығыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында жел 15-18 м/с күшейеді. Түнде және таңертең Жамбыл облысының оңтүстік-батысында және таулы аудандарында желдің жылдадығы 15-20, кей уақытта 25 м/с жетеді.


Соңғы жаңалықтар