Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 386.04 EUR 427.77
RUB 5.88 CNY 54.45
Jańalyqtar

Шаңды дауыл, бұршақ, жел - Бейсенбіге арналған ауа райы

2018 жылғы 2 тамыз 00:35 290
Бөлісіңіз:
Шаңды дауыл, бұршақ, жел - Бейсенбіге арналған ауа райы

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазгидромет» РМК 2 тамызға арналған ауа райы болжамын ұсынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атмосфералық ауа ағындардың өтуіне байланысты республиканың басым бөлігінде найзағай жарқылдап жаңбыр жауады, бұршақ жаууы мүмкін, жел күшейеді. Оңтүстікте шаңды дауыл тұрады, түнде және таңертең солтүстігінде және орталықта тұман болады деп күтілуде.

Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарында күндіз  кей жерлерінде бұршақ жаууы мүмкін, жел 15-20 м/с күшейеді, түнде және таңертең кей жерлерде тұман болады. Павлодар, Қарағанды  облыстарының кей жерлерінде жел 18 м/с күшейеді, түнде және таңертен кей жерлерінде тұман түседі.

Қостанай, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, күндіз бұршақ болуы мүмкін.

Шығыс Қазақстан, Түркістан, Қызылорда, Алматы облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, Қызылорда облысында шаңды дауыл болады.  Алматы, кей жерлерінде Маңғыстау  облыстарында қатты ыстық күтіледі.

Қызылорда, Түркістан облыстарында, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Қостанай, Қарағанды, Жамбыл, Алматы облыстарында өте жоғары өрт қауіпі сақталады.

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Ауа райы, Қазгидромет,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT