Шаңды дауыл, бұршақ, жауын - Бейсенбіге арналған ауа райы

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазгидромет» РМК 26 шілдеге арналған ауа райы болжамын ұсынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстанның басым бөлігінде антициклондық ықпал сақталады, атмосфералық ауа ағындардың өтуіне байланысты тек солтүстік, орталық және шығыстарының кей жерлерінде найзағаймен бірге жаңбыр жауады. Күндіз кей жерлерде солтүстік бойынша бұршақ жаууы мүмкін, жел күшейіп оңтүстігінде шаңды дауыл тұрады.

Республиканың кей жерлерінде тұман күтіледі. Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қарағанды,  Шығыс Қазақстан облыстарында түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі, күндіз кей жерлерде жел 15-20 м/с, Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде дауыл, бұршақ жаууы мүмкін.

Павлодар облысында кей жерлерде тұман күтіледі. Жамбыл,  Түркістан, күндіз Қызылорда облыстарының кей жерлерінде жел 15-20, Қызылорда облысында екпіні 23-28 м/с күшейеді. Маңғыстау, күндіз Атырау облыстарының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. Маңғыстау облысында күндіз кей жерлерінде шаңды дауыл тұрады.

Атырау, Батыс Қазақстан, кей жерлерде Ақтөбе, Маңғыстау облыстарында қатты ыстық күтіледі. Қызылорда, Түркістан, кей жерлерінде Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан,  Маңғыстау, Қостанай, Жамбыл, Алматы облыстарында жоғары өрт қауіпі сақталады.

Соңғы жаңалықтар