Шәмшінің «Менің Қазақстаным» әні АҚШ-та орындалды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарт –Шәмші Қалдаяқовтың «Менің Қазақстаным» әні Бостонда орындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бостондағы Гарвард университеті алаңында орындалған «Менің Қазақстаным» әнінің видеосын АҚШ-тың Қазақстандағы Елшілігі жариялады.


«Әйгілі композитордың музыкасын бүкіл әлем тыңдасын. Гарвард университеті, Бостон, 2017 жыл, мамыр. Видео титры: Эльнура Абакан», - делінген Елшілік парақшасында.

Еске сала кетсек, бүгін аты аңызға айналған сазгер, қазақ вальсінің королі Шәмші Қалдаяқовтың туғанына 90 жыл толды. Сазгердің ұлы Мұхтар Қалдаяқов халық әртісінің өмірі мен отбасылық құндылықтары туралы айтып берді.

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен «Менің Қазақстаным» халықаралық музыкалық челленджі басталды. Әуенді марафон Қазақстанның халық әртісі, ҚР Әнұраны әуенінің авторы Шәмші Қалдаяқовтың туған күніне арналды.

Түркістан облысының Отырар ауданында туып-өсіп, «қазақ вальсінің королі» атанған Шәмші Қалдаяқовқа туған жерінде музей ашылды.

Сондай-ақ, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев: «Бүгін еліміздің Әнұраны «Менің Қазақстаным» әнінің авторы, ұлт руханиятына талай сырлы саз бен әсем әуен сыйлаған композитор Шәмші Қалдаяқовтың туғанына 90 жыл толды. Шәмші шығармашылығы – ұлттың баға жетпес байлығы. Оның туындыларын кеңінен насихаттау – бүгінгі ұрпақтың парызы», деп жазды Twitter-дегі парақшасында.



Соңғы жаңалықтар