+7 (701) 759 90 19
USD 386.44 EUR 428.37
RUB 6.06 CNY 54.93
Jańalyqtar

Шәмшидинова: Баланы 6 жастан мектепке беру - міндетті

2019 жылғы 4 маусым 11:30
Бөлісіңіз:
Шәмшидинова: Баланы 6 жастан мектепке беру - міндетті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Білім және ғылым министрі Күләш Шәмшидинова 6 жасқа толған балалардың балабақшадан шығарылуына қатысты түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Заңда 6 жастан бастап баланың мектепте білім алатындығы нақты жазылған. Сондықтан ата-аналар 6 жастан бастап балаларын мектепке бергені дұрыс. Жалпы, бұл заңда жазылғандықтан, міндетті саналады. Бірақ, біз әрбір адамның дербес екендігін білеміз. Осы тұрғыдан алғанда, ата-аналардың өздері де баласының қаншалықты мектепке баруға дайын екендігін қарауы керек шығар. Бірақ, бұл, ата-анасы қаласа, баласын мектепке жібермейді деген сөз емес. Өздеріңіз де білесіздер бұл мәселе заңға таяуда ғана енгізілді. Сол себепті министрлік қазіргі уақытта оған мониторинг жүргізіп отыр», - деді Күләш Шәмшидинова Үкімет отырысынан кейін БАҚ өкілдерінің сауалына орай.

Оның атап өтуінше, балабақшалардың жанында мектепке дайындық тегін жүргізіледі.

«Егер бала мектепке дайындықты, мәселен, 5 жас 8 айында бастаса, онда ол қалай болғандада мектепке дейінгі ұйымдағы дайындық бағдарламасын аяқтауы тиіс. Әрине, бұл ретте басқа мәселе бар. Егер тексеруші ұйым келсе, онда оның тарапынан «6 жасқа толған бала неліктен балабақшада жүр» деген сауал туындайды. Сондықтан қазір бұл мәселені шешудің заңды жолын қарастырып жатырмыз», - деді Білім министрі.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT