+7 (701) 759 90 19
USD 386.44 EUR 428.37
RUB 6.06 CNY 54.93
Jańalyqtar

Шамалғандағы апатта зардап шеккендерге көмек көрсетуге дәрігерлер шақырылды

2019 жылғы 16 қыркүйек 15:19
Бөлісіңіз:
Шамалғандағы апатта зардап шеккендерге көмек көрсетуге дәрігерлер шақырылды

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысының әкімі Амандық Баталов Шамалғандағы көлік апатынан зардап шеккен науқастарға Алматы мен облыстың білікті мамандарын шақырқанын мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Шамалған станциясындағы жол өткелі 2020 жылы салынады деп жоспарлануда Дәрігер мәртебесі туралы заң қабылдануы мүмкін бе – Біртановтың жауабы Шамалғанда зардап шеккендер Алматының ауруханасына ауыстырылды

«Кешегі Ақсеңгір - Шамалған пойыз өткелінде болған жол апатынан зардап шеккен ана мен балалардың денсаулығына бәріміз алаңдаулымыз. Алматы қаласы мен облыстың мықты мамандарын шақырттық. 2016 жылғы балаға Қарасай аудандық орталық ауруханасында білікті дәрігерлер операция жасады. Анасы мен балаларының жағдайынан сағат сайын хабар алып отырмын. Оларға қажетті барлық медициналық көмекті жұмылдырып жатырмыз. Қолдан келген амалдың барлығын жасаудамыз. Қаза болған автобус жүргізушісінің отбасына, туған-туыстарына қайғырып, көңіл айтамын», - делінген А.Баталовтың Inctagram-дағы парақшасында.

Естеріңізге сала кетейік, 15 қыркүйек күні Шамалған стансасында пойыз бен автобус соқтығысты. Жолаушылар автобусы рельске шығып кеткен. Оқиға орнында автобус жүргізушісі мерт болып, тағы 3 адам Қарасай аудандық ауруханасының жансақтау бөліміне жатқызылды. Оның екеуі бала. Қазір аталған факті бойынша ҚР ҚК 345-бабының 3-тармағы бойынша іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр. Істі Бас көліктік прокуратура бақылауына алды.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пойыз бен автобус соқтығысынан зардап шеккендердің туған-туыстарына көңіл айтты.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Самал Қабышева

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT