Шамалғандағы апатқа қатысты арнайы комиссия құрылды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН.ҚазАқпарат – Алматы облысындағы Шамалған стансасында жолаушылар пойызы мен автобустың соқтығысуы бойынша арнайы комиссия құрылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Алматы облысының «Алматы–Отар» учаскесінің «Ақсеңгір-Шамалған» жол өткелінде 2019 жылдың 15 қыркүйегінде 19 сағат 08 минутта болған жол-көлік оқиғасын тергеу бойынша арнайы комиссия құрды. Күзетілетін өткелде №43 «Алматы – Қостанай» Жолаушылар пойызы №456 «Алматы-Қаскелең» рейстік «Setra» маркалы автобусымен соқтығысты. Комиссия құрамына Көлік комитеті мен «ҚТЖ» ҰК» АҚ өкілдері кірді. Комиссия мүшелері оқиға орнына шықты» делінген аталған ведомствоның таратқан ақпаратында.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін 19:30 минутта Шамалған станциясында пойыз бен автобус соқтығысты. Алдын ала болжам бойынша, автобус темір жолдың релсіне шығып кеткен. Оқиға орнында автобус жүргізушісі мерт болды. Тағы үш адам түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ақсеңгір-Шамалған теміржол өткелінде поезд бен автобус соқтығысынан жапа шеккендердің туған-туыстарына көңіл айтты.



Соңғы жаңалықтар