+7 (701) 759 90 19
USD 389.62 EUR 429.98
RUB 6.06 CNY 55.08
Jańalyqtar

Шамалғандағы апат: Полиция куәгерлердің хабарласуын сұрайды

2019 жылғы 17 қыркүйек 19:37
Бөлісіңіз:
Шамалғандағы апат: Полиция куәгерлердің хабарласуын сұрайды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Полиция Шамалған стансасының өткелінде болған жол апатының куәгерлерін іздестіріп жатыр. Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ұқсас жаңалықтар
Шамалғандағы көлік апатынан жапа шеккен бала ата-анасын таныды Шамалғандағы апаттан зардап шеккен 5 жасар қыз есін жиды Шамалғандағы апат: Балалар әлі де ауыр халде

«15 қыркүйек күні «Алматы 1 – Қостанай» бағытындағы пойыздың Алматы облысындағы Шамалған стансасының өткелінде жолаушылар автобусымен соқтығысқанын көргендер, куәгерлер және автобус жолаушыларын хабарласуын өтінеміз. Олардан мына телефондар арқылы Көліктегі полиция департаментіне хабарласуын сұраймыз: 8-727-296-35-93, 8-701-555-78-02, 8-775-643-00-04» делінген ақпаратта.

Естеріңізге сала кетейік, 15 қыркүйек күні Шамалған стансасында пойыз бен автобус соқтығысты. Жолаушылар автобусы пойыз рельсіне шығып, кептеліс салдарынан қозғала алмай қалған еді.

Оқиға орнында автобус жүргізушісі мерт болып, тағы 3 адам Қарасай аудандық ауруханасының жансақтау бөліміне жатқызылды. Оның екеуі - бала.

Қазір аталған факті бойынша ҚР ҚК 345-бабының 3-бөлігі бойынша іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр. Істі Бас көліктік прокуратура бақылауына алды.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Қанат Мәметқазыұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT