Шамалғандағы апат: ІІМ оқиғаны тергеп жатыр

None
None
АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ. ҚазАқпарат – Шамалғандағы оқиғаға байланысты сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Аталған дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексі 344-бабының 2-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Орын алған жағдайдың себебі мен мән-жайын анықтау мақсатында ҚР ІІМ мен ҚР ИИДМ қызметкерлері есебінен комиссия құрылып, оқиға орнына жіберілді», - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, бұған дейін Алматы облысында жолаушылар пойызы мен автобус соқтығысқанын хабарлаған болатынбыз. Президент жапа шеккендердің туған-туыстарына көңіл айтты.







Соңғы жаңалықтар