+7 (701) 759 90 19
USD 388.07 EUR 427.54
RUB 6.08 CNY 55.36
Jańalyqtar

Шамалғандағы апат: Автобус жүргізушісі есікті ашпай қойды – куәгер

2019 жылғы 16 қыркүйек 00:07
Бөлісіңіз:
Шамалғандағы апат: Автобус жүргізушісі есікті ашпай қойды – куәгер

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысындағы Шамалған стансасында болған апаттың қалай болғанын жолаушылардың бірі айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Алматы» телеарнасына сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Шамалғандағы апатқа қатысты арнайы комиссия құрылды Пойыз бен автобустың соқтығысуы: үш адам жансақтау бөлімінде жатыр Пойыз бен автобустың соқтығысуы: Оқиға орнында автобус жүргізушісі мерт болды

«Барлығымыз шуладық, есікті аш деп шырылдадық. Көзі байланып қалды. Құдай көріп тұр. Пойыз келе жатыр. Бәріміз ішіндеміз, шырылдадық. Есікті ашпады. Мен артында отырдым. Автобус адамға толы болды. Көліктің алдында да, артында да кептеліс болды. Ол жерде шынымен шығатын жер жоқ. Автобус жүргізушісі есікті ашпай отырды. Енді ол қайтыс болды. Бірақ шыны керек, оның көзі байланды. Мына жерге көпір керек. Мен Жамбыл ауылынан вокзалға бара жатқанмын. Қаскелең жақтан келе жатқанмын. Бізге көпір керек бұл жерге. Өмірі көпір саламыз дейді, салмайды», деді өзін куәгер, әрі автобустың ішінде болған жолаушының бірімін деп таныстырған Қайратбек Қалдықұлов.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін 19:30 минутта Шамалған станциясында пойыз бен автобус соқтығысты. Алдын ала болжам бойынша, автобус темір жолдың релсіне шығып кеткен.

Оқиға орнында автобус жүргізушісі мерт болып, тағы 3 адам Қарасай аудандық ауруханасының жансақтау бөлімінде жатыр. Оның екеуі бала.

Қазір аталған факті бойынша ҚР ҚК 345-бабының 3-тармағы бойынша іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр. Істің тергелуін Бас көліктік прокуратура өз бақылауына алды.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ақсеңгір-Шамалған теміржол өткелінде поезд бен автобус соқтығысынан жапа шеккендердің туған-туыстарына көңіл айтты.






Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Алматы облысы, Оқиға, Көлік,
Бөлісіңіз:

Автор:

Самал Қабышева

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT