+7 (701) 759 90 19
USD 383.95 EUR 429.26
RUB 6.16 CNY 55.02
Jańalyqtar

Шамалғанда зардап шеккендер Алматының ауруханасына ауыстырылды

2019 жылғы 19 қыркүйек 17:21
Бөлісіңіз:
Шамалғанда зардап шеккендер Алматының ауруханасына ауыстырылды

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында пойыз бен автобустың соқтығысуынан зардап шеккен үш адам Қарасай аудандық ауруханасынан Алматыға ауыстырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Шамалғандағы апатта зардап шеккендерге көмек көрсетуге дәрігерлер шақырылды Шамалғандағы апат: Дәрігерлер зардап шеккендер туралы толық ақпарат берді Шамалғандағы апат: ІІМ оқиғаны тергеп жатыр

«Шамалған стансасындағы жол апатынан жарақат алған балалар Алматы қаласының №1 ауруханасына, анасы №7 ауруханаға жеткізілді», - деді Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметінің хатшысы Ғалымұрат Жүкел.

Айта кетерлігі, бұған дейін Амандық Баталов Шамалғандағы апаттан зардап шеккендерге Алматыдан арнайы дәрігерлер шақырғанын мәлім еткен еді.

Естеріңізге сала кетейік, 15 қыркүйек күні Шамалған станциясында пойыз бен автобус соқтығысты. Оқиға орнында автобус жүргізушісі мерт болып, тағы 3 адам Қарасай аудандық ауруханасының жансақтау бөліміне түсті. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 345-бабының 3-тармағы бойынша іс қозғалып, тергеу жүргізіліп жатыр. Істің тергелуін Бас көліктік прокуратура бақылауына алды.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пойыз бен автобус соқтығысынан зардап шеккендердің туған-туыстарына көңіл айтты.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Самал Қабышева

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT