Шамалған стансасында айналма жолдың құрылысы басталды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Былтыр қыркүйек айында автобус пен пойыз соқтығысқан Шамалған темір жол стансасында айналма жолдың құрылысы басталып кетті. Бұл жөнінде Алматы облысының әкімі Амандық Баталов Нұр-Сұлтан қаласында өтіп жатқан брифинг барысында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Шамалған стансасында айналма жолдың құрылысы басталып кетті. Келесі жылы күзде іске қосылады деп жоспарлап отырмыз. Бұл мақсатқа шамамен 4 млрд теңгедей қаржы бөлінген. Осы айналма жол іске қосылғанда барлық қауіп-қатер жойылады деп ойлаймын. Қиын жағдайдан кейін іске кірістік, бұрыннан жасайтын жұмыс еді», - деді А.Баталов.

Еске салсақ, өткен жылы 15 қыркүйекте Шамалған стансасында рельстің үстінде тұрып қалған жолаушылар автобусы мен жолаушылар пойызы соқтығысқан болатын. Салдарынан автобус жүргізушісі сол жерде мерт болып, тағы 3 адам Қарасай аудандық ауруханасының жансақтау бөліміне түсті.

Айта кетейік, дәл осы Шамалған темір жол стансасының жанынан жаяу жүргіншілер көпірі салынды. Енді автокөлікке арналған айналма жолдың құрылысы жүріп жатыр.


Соңғы жаңалықтар