Шалқарда туып-өскен кәсіпкерлер әлеуметтік құрылыстарды өз қолдарына алды - Ақтөбе облысы

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат -Ақтөбе облысы, Шалқар ауданында форум өтіп жатыр. Шалқарда туып-өскен кәсіпкерлер ауданның дамуы үшін әлеуметтік құрылыстарды өз қолына алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

nullАқтөбе облысы, Шалқар ауданында туып-өскендер бүгін туған жеріне қайта оралып, республикалық форумға қатысып жатыр. Барлығы 2,5 мыңнан астам адамды қамтыған форумға еліміздің бас нейрохирургі Серік Ақшолақов та қатысты. Келісім бойынша «Туған жерге тағзым» акциясы аясында әлеуметтік нысандардың құрылысын жүргізу үшін меморандумдарға қол қойылды. Кәсіпкерлер ауданға Жастар сарайын, күндізгі стационары бар аурухана мен 100 орынды балабақша, Қауылжыр ауылында спорт сарайы мен балабақша, Жаңақоныс ауылында ауыл клубын салу жоспарланды. Ал Данияр Қобландин Шалқар қаласындағы көшеге жол салу үшін 75 миллион теңге аударады. Бұл қаржыға бар болғаны 2,5 шақырым жол жөнделмек. Форум кезіндегі әлеуметтік жобалардың жалпы құны 630 млн. теңгені құрады.

null«Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев: «Бізде бір Отанымыз - Қазақстан бар, екіншісі - жоқ» деді. Әрбір азамат мүмкіндігінше өз туған жеріне көмектесуі керек. Көмек ақшалай немесе қандай да бір объектілердің құрылысы болу міндетті емес. Мысалы, көрнекті нейрохирург дәрігер Серік Ақшолақов туған жерін ұмытпай, көптеген қайырымдылық операцияларын өткізді. Пациенттердің өмірін құтқарып, жас ақтөбелік дәрігерлерге қайырымды ісін үйретеді. Әр адам өзі тәрбиеленген туған жеріне жиі келіп, өскелең ұрпақпен кездесіп, бар жетістіктерін туған ортасымен бөлісуге тиіс» - деді аймақ басшысы Бердібек Сапарбаев.

nullАқтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, «Бақытты бала» аймақтық бағдарламасы аясында 100 бала Астанада демалу, 25 бала Түркістанның тарихи және мәдени жерлеріне саяхат жасау үшін жолдама алды. Ал 373 оқушы Орал қаласындағы жазғы лагерьде тынығады. Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 38 жетім баланың Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіндегі есепшотына 3,8 млн теңге аудару үшін арнайы сертификат тапсырылды. Әрі көпбалалы 10 ана шипажайға жолдама алды. 

Соңғы жаңалықтар