Шалқарда пойыз бен көлік соқтығысып, 82 жастағы жүргізуші көз жұмды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбенің Шалқар ауданында көлік пойызбен түйісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қандыағаш көлік прокуратурасының хабарлауынша, 25 қыркүйек күні Шалқар - Сарыжиде өткелінде жол-көлік оқиғасы тіркелді.

«Хабарлама Ақтөбе жол бөлімшесінің кезекші бөліміне түсті. Шалқар қаласының 82 жастағы тұрғыны Уаз көлігімен келе жатып, жүк пойызымен соқтығысты. Ол ескерту белгіге қарамай теміржолды кесіп өтпек болған. Салдарынан жүргізуші оқиға орнында қаза тапты. Оқиға орнына Қандыағаш көлік прокуратурасы, Шалқар теміржол стансасының және Шалқар аудандық ауруханасының өкілі барды», - деп хабарлады Қандыағаш көлік прокуратурасы.

Айта кетейік, оқиға Шалқар аудандық полиция бөліміне тіркелді.

Соңғы жаңалықтар