Шалқарда көпқабатты үй өртеніп, бір адамның денесі табылды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбенің Шалқар қаласында 3 қабатты үй өртенді. 12 адам құтқарылып, 38 жастағы ер адамның мүрдесі табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін сағат 01:27 кезінде Шалқар ауданының №7 өрт сөндіру бөліміне Шалқар қаласы, Шойғарин көшесіндегі көппәтерлі үйден өрт шыққаны туралы хабарлама түсті.

Бірінші қабаттан басталған өрт 2 және 3-қабатты шарпыды.

Үйдің кіреберісіндегі түтінге қарамастан, өрт сөндірушілер тұрғындарды құтқаруға және эвакуациялауға жедел кірісті.

«Оқиға орнына өрт сөндіру қызметінен 4 техника мен 12 адам жіберілді. ТЖД күшімен үш иінді баспалдақ арқылы 12 адам құтқарылды, оның 4-еуі бала. 1996 жылы туған №15 пәтер тұрғыны уланып, ауруханаға жатқызылды. Ал арада 1 сағат өткенде өрт толық сөндіріліп, 38 жастағы ер ер адамның мәйіті табылды. Өрттің шығу себебі мен шығыны анықталып жатыр», - деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі.


Соңғы жаңалықтар