Шалғайдағы ауылға таза су келді

None
None
ОРАЛ. Желтоқсанның 23-і. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - БҚО-ның Қазталов ауданы Әжібай ауылына таза су келді,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл мақсатқа 90 миллионнан астам теңге жұмсалды. Мың жарымдай тұрғыны бар ауылға жеті шақырым жердегі «Лекер» су қоймасынан құбыр тарту жұмыстары жүргізіліп, «Таза су» қондырғысы орнатылды.

Әжібайға таза судың келуіне байланысты өткен жиында «Нұр Отан» ХДП аудандық ұйымы төрағасының орынбасары Марат Тоясов, ауыл әкімі Бекқали Мусин, еңбек ардагері Ораш Малаев өз тілектерін білдіріп, дағдарысқа қарамастан, ел игілігі үшін мұндай шаралардың қолға алына беретінін атап өтті.

Соңғы жаңалықтар