Шалғайдағы ауылда «Жол картасына» сәйкес балабақша күрделі жөндеуден қайта ашылды

None
None
ОРАЛ. Қыркүйектің 3-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - БҚО-ның Жаңақала ауданы Бірлік ауылында №5 «Жеткіншек» балабақшасы күрделі жөндеуден кейін қайта ашылды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталмыш мақсатқа «Жол картасына» сәйкес 25 млн. теңге бөлініп, жөндеу жұмыстарын «Орал-бекіре» ЖШС жүргізді. Екі қабатты, елу орындық нысанда балдырғандар үшін барлық жағдай жасалған.

Биыл «Жол картасына» орай Мәстексай ауылында №2 «Алтын сақа» балабақшасына да 25 млн. теңгеге күрделі жөндеу жасалған болатын. Сондай-ақ жергілікті бюджеттің  14,8 млн. теңгесіне Жаңақазан ауылында №1 «Айгөлек» балабақшасы қайта ашылса, Бірлікте 35 млн. теңгеге мәдениет үйі жөнделді.

Соңғы жаңалықтар