Шалғайдағы ауыл мектебінде «Astel» АҚ-ның ілкі жобасы жүзеге асырылды

None
None
ОРАЛ. Тамыздың 12-сі. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - БҚО-ның Ақжайық ауданының ең шалғай мекені Базаршолан ауылындағы орта мектеп үшін «Astel» АҚ-ның ілкі жобасы жүзеге асырылды.


Аудан әкімінің орынбасары Меңзипа Жұматованың ҚазАқпарат тілшісіне хабарлағанындай, бұл спутниктік жүйе арқылы мектеп Интернетке қосылады. БҚО бойынша бұл - әзірге осындай қондырғы орнатылған бірінші елді мекен. Мұндай жүйе осыған дейін Қызылорда облысының алыс ауылдарында жүзеге асырылған.

Жүйені қондыру бір-ақ күн уақыт алады әрі қымбат та емес. Ал Базаршолан үшін ілкі жоба тегінге түсті. Оның тұсаукесер рәсімінде қазіргідей ақпараттандыру заманында мұндай жүйенің мектеп үшін тиімді екенін облыстық білім басқармасы білім саласын ақпараттандыру орталығының директоры Асылхан Құлжанов, «Astel» АҚ-ның БҚО бойынша атқарушы директоры Игорь Кочетков та атап өтті. Мектептегі соңғы үлгідегі мультимедиалық кабинет пен компьютерлер арқылы мұғалімдер, оқушылар енді осы жаңалықтың игілігін көреді.

Соңғы жаңалықтар