Шалғайдағы аудандық ауруханаға орталықтандырылған оттегі жүйесі орнатылды - Маңғыстау

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат – Маңғыстаудағы Бейнеу аудандық ауруханасында орталықтандырылған оттегі жүйесі орнатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі аталмыш аудан әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бейнеу аудандық орталық аурухана директорының міндетін атқарушы Берік Абдуллаевтың айтуынша, бұған дейін оттегі баллондарын әр қабатта орналасқан бөлімшелерге таситын.

«Бұрын баллондарды әр бөлімшеге тасымалдайтынбыз. Ендігі кезекте барлық баллондар арнайы қораптарда орналастырылып, сол жерден түтікшелер арқылы бөлімшелерге жеткізіледі», - деді Берік Абдуллаев.

Сондай-ақ, аудандық аруханаға құны 67,5 млн теңге УДЗ аппараты сатып алынды. Сондай-ақ екі дана өкпені жасанды дем алдыру аппараты, бір дана ЭКГ аппараты, бір дана нәрестелерге арналған кювез бен екі дана гемодиализ креслосы сатып алынды. Алдағы уақытта тағы қосымша құрылғылар сатып алу жоспарланып отыр.


Соңғы жаңалықтар