Шалғайдағы ауданда балабақшалар іске қосылуда -Батыс Қазақстан облысы

None
None
ОРАЛ. Қарашаның 23-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - БҚО-ның Бөкей ордасы ауданында балабақшалар іске қосылуда.

Аудан әкімінің орынбасары Лариса Қайырғалиеваның ҚазАқпарат тілшісіне хабарлағанындай, биыл Ұялы және Саралжын ауылдарында әрқайсысы 25 орындық мектеп жанындағы балабақшалар іске қосылып, жұмыс жасауда. Бұлар мектеп жанында болғанымен, дербес ғимаратқа көшірілді. Ұялыдағы балабақшаға 11 миллиондай теңге жұмсалса, Саралжындағы бөбектер үйі 13 миллиондай теңгеге күрделі жөнделді. Таяуда Мұратсай ауылында да 25 орындық балабақша пайдалануға берілетін болады. Қазіргі кезде барлық ауылдық округ орталықтарында балабақша болса, сонымен қатар басқа  елді мекендерде шағын орталықтар жұмыс жасауда.

Соңғы жаңалықтар