Шалғай орналасқан разъездерде жұмыс істейтін теміржолшылар үшін арнайы үй-жай сатып алынады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Шалғай орналасқан разъездердегі теміржолшыларға арнап, блоктан ыңғайлы үй-жайлар салынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазақстан темір жолы» ҰК» акционерлік қоғамының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Желілік кәсіпорындардың өнеркәсіп қызметкерлерінің талапқа сай демалуын қамтамасыз ету компанияның басымдыққа ие мәселелерінің бірі болып қала береді.


Вахталық бригадалар тұратын қолданыстағы модульдік үйлерді жаңарту жұмыстары аясында 534 блоктан жасалған ыңғайлы үй-жай сатып алу көзделіп отыр. Олар негізінен елді мекендерден шалғай жатқан разъездер мен станцияларға орнатылады.

Блоктан жасалған ыңғайлы үй-жайлар (ауа баптағыш, су жылытқыш, электрлі плита және т.б.) тамақтану мен демалуға арналған жиһаздар, ыдыс-аяқ, көрпе-төсек сияқты барлық қажеттіліктермен қамтылады.


Соңғы жаңалықтар