USD 436.29 EUR 492.83
RUB 5.92 CNY 68.48
Jańalyqtar

Шалғай ауылдардағы шағын мектептерде сабақтар әдеттегі тәртіппен өте береді - министр

2020 жылғы 14 шілде 11:55
Бөлісіңіз:
Шалғай ауылдардағы шағын мектептерде сабақтар әдеттегі тәртіппен өте береді - министр

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Егер ата-аналардың өтініштері болса, бастауыш сыныптар бойынша уақытша сыныптарды ашып беруге дайынбыз. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн-брифингте ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Алматы облысында 672 науқас коронавирустан емделіп жатыр Алматыда коронавирус жұқтырған 257 мың адам ауруханада жатыр Бір күнде коронавирус пен пневмониядан 10 науқас қайтыс болды

«1 қыркүйектен бастап еліміздегі барлық мектеп қашықтан оқиды. Осыған қатысты 1-2 кішігірім мәселені айтып өтейін. Біріншіден, қашықтан оқыту форматын енгіземіз деп айтқанның өзінде бізде шалғайдағы ауылдарда шағын жинақты мектептер бар. Оларда 5, 10, 15 бала бар. Олар өз мектептеріне жаяу барып жүреді. Осындай қауіп жоқ өңірлерде орналасқан мектептерде штатты режимде әрі қарай оқытуға, жұмыс істеуге мүмкіндік беріп отырмыз», - дейді Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов.

Оның айтуынша, екінші мәселе бастауыш сынып оқитын оқушыларға қатысты.

«Егер ата-аналардың өтініштері болса, нақты осы бастауыш сыныптар бойынша уақытша сыныптарды ашып беруге дайынбыз. Осындай сыныптар ашқанда тиісті жағдай жасауымыз қажет. Санитарлық талаптарға сай барлық жұмыс жүргізілетін болады. Бала таңертең сабаққа келгенде дене қызуын өлшеу, оны залалсыздандыру мәселесін қолға алу бойынша, сыныптарды бірнеше ауысымға бөлу мәселесін қарастыратын боламыз. Сыныпта 10-15 бала ғана болып, яғни сыныптарды бірнешеге бөліп оқыту мәселесін қарастырамыз», - дейді ол.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Зарина Қаһарман

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT