Шалғай ауылдарда мектеп тауарын арзанға сататын автодүкендер ұйымдастыру қажет – Әлихан Сайылов

None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Үкімет басшысы Әлихан Смайылов шалғай ауылдарда мектеп тауарын арзанға сататын автодүкендер ұйымдастыруды тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Өңір әкімдіктері көмекке мұқтаж балаларды мемлекеттік қолдау шараларымен 100% қамтамасыз етуі қажет. Мектеп тауарларын төмен бағамен сату үшін мектеп жәрмеңкелерін және шалғай ауылдарға шығатын автодүкендерді ұйымдастыру қажет. Сауда министрлігі «Атамекен» палатасымен және әкімдіктермен бірлесіп, мектепке қажетті керек-жарақтар бағаларының тұрақты болуын қамтамасыз етсін», - деді Әлихан Смайылов.

Сондай-ақ, ол Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне «Атамекен» палатасымен бірлесіп, мектеп формасының құнына қатысты мәселені пысықтау кректігін айтты.

«Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі осы мәселелерді бақылауға алсын. Өңір әкімдіктері мектептерге оқулықтардың қажетті санын жеткізуді қамтамасыз етсін», - деді Премьер-Министр.


Соңғы жаңалықтар