Шал ақын ауданына жаңа әкім тағайындалды - СҚО

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысындағы Шал ақын ауданын бүгіннен бастап Рахат Смағұлов басқарады. Жаңа әкімді өңір басшысы Құмар Ақсақалов аудан активіне таныстырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Рахат Назымбекұлы Смағұлов - Ресейдің Омбы облысының тумасы. 1982 жылы Есілкөл ауданындағы Қасқат елдімекенінде дүниеге келген.

Омбы мемлекеттік аграрлық университетін «агрономия» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2004 жылы туған ауылында - Қасқат селолық әкімшілігінде маман болып бастады.

2005-2015 жылдар аралығында облыстың ауыл шаруашылығы саласында жергілікті атқарушы билік органдарында түрлі қызметтер атқарды.

2015-2019 жылдары М. Жұмабаев ауданы әкімінің орынбасары болды.

Осы тағайындалуға дейін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің агроөнеркәсіп комитетінің облыстық аумақтық инспекциясының жетекшісі лауазымында болды.

Бүгін Құмар Ақсақалов сондай-ақ, Уәлиханов ауданында болып, аудан активіне жаңа әкімді таныстырды.


Соңғы жаңалықтар