+7 (701) 759 90 19
USD 445.84 EUR 490.47
RUB 5.73 CNY 62.87
Jańalyqtar

Шақыртуға келген медбикені зорлаған ШҚО тұрғыны 8 жылға сотталды

2020 жылғы 21 қаңтар 11:59
Бөлісіңіз:
Шақыртуға келген медбикені зорлаған ШҚО тұрғыны 8 жылға сотталды

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысының тұрғыны үйіне шақыртумен келген медбикені зорлағаны үшін сотталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Алматы облысында 7 жасар қызды ұрлаған күдікті тергеліп жатыр Таразда мектеп дәретханасында жасөспірім қызды зорлау оқиғасына қатысты сот басталды Алматы облысында 13 жасар оқушыны зорлаған күдікті ұсталды

ШҚО Бородулиха аудандық соты облыс тұрғынына қатысты ҚР ҚК-нің 120-бабы 2-бөлігінің 2-тармағы (зорлау, өлтіру қатерін төндіру арқылы зорлау) бойынша қозғалған қылмыстық істің үкімін шығарды.

«Сот шешімді шығару барысында қызметтік міндетін атқарып жүрген медицина қызметкеріне қатысты қылмыстың мас күйде аса арсыздықпен жасалғанын және жәбірленуші әйелдің кәмелет жасқа толмаған балалары барын ескерді. Осыған орай, айыпталушыға 8 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды», - деп хабарлады соттың баспасөз қызметінен.

Сондай-ақ зардап шегушінің пайдасына моральдық зиянның өтемақысы ретінде 2,5 миллион теңге өндірілді.

«Сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ. Сотталушы тарапынан шағым түссе, оның заңдылығы мен негізділігі апелляциялық инстанцияда қаралады», - деп түсіндірді сот өкілдері.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Талғатжан Мұхаметбекұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Алтынбек Кумарзак
Алтынбек Кумарзак
954-059

MURAǴAT