Шақшақ Жәнібек жайлы жаңа кітап жарық көрді

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанайда Жәнібек батыр Қошқарұлы туралы жаңа кітап жарық көрді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Болмысы бөлек бабамыз» атты бұл туындының авторлары - Қостанай облыстық сотының төрағасы Асламбек Мерғалиев пен журналист Абылай Мауданов. Кітапта тарихи тұлғаның өмір сүрген кезеңі, өскен ортасы, қолбасшылық қабілеті, мәмілегерлік қыры туралы деректер топтастырылған.

Қазақтан шыққан тұңғыш тарханның ата-баба шежіресі жайлы оқырман қауым хабардар болса да, нағашы жұрты туралы мәліметтер мардымсыз болатын. Авторлар осы олқылықтың орнын толтыру мақсатында тың ізденістер жасаған. Осылайша, батырдың нағашы жұрты жайлы толыққанды ақпарат алғаш рет оқырманға ұсынылып отыр. Сондай-ақ, кітапта қазақ халқының қалыптасу тарихы, ел басқарған алып тұлғалардың аналары жайлы мағлұматтар да молынан қамтылған.

 Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» ой-толғамы көпшілік қауымнан қызу қолдау тауып, іргелі істер атқарылуда. Шақшақ Жәнібек жайлы жаңа кітап шығып қана қоймай,  Қостанай қаласының төрінен батыр бабамызға ескерткіш те орнатылды.  Ескерткіштің салтанатты ашылуы қарсаңында кітаптың жарық көруі - Жәнібектануға қосылған үлес екені даусыз.

Соңғы жаңалықтар