+7 (701) 759 90 19
USD 419.54 EUR 509.2
RUB 5.72 CNY 64.81
Jańalyqtar

Шәкизада Әбдікәрімов: Абай қазақтың басты бағдарын айқындап берді

2020 жылғы 10 тамыз 23:43
Бөлісіңіз:
Шәкизада Әбдікәрімов: Абай қазақтың басты бағдарын айқындап берді

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - «Бүгін алаш жұрты алғаш рет Абай күні мерекесін тойлап жатыр. Ұлтын сүйген ұлық тұлғаны тану, оны дәріптеу - біз үшін басты мақсат болуы тиіс. Биылғы мерейтой бұл бағытта келешекте қолға алатын игілікті істердің бастауы деп санаймын», деді ҚР Жазушылар және журналистер одағының мүшесі, ақын, «Қызылорда қоғамдық» телерадиокомпаниясы ЖШС құрылтайшысы Шәкизада Әбдікәрімов ҚазАқпарат тілшісіне.

Оның айтуынша, әлемнің көптеген елдерінде ұлт дамуында өз орны бар танымал тұлғаларды дәріптеуге маңыз беріледі. Атап айтқанда, Ресейде Есенин, Өзбекстанда Әлішер Науаи шығармашылығы кеңінен насихатталады.

«Абайдың қазақ халқы тарихында алатын орны ерекше. Ұлты үшін ерен еңбек сіңірген тұлға қай кезде де біз үшін алға бастайтын бағдаршам іспеттес. Абай білімді мыңды жығатынын санамызға шегеледі. Қазір жан-жағымызға байыппен қарап көрсек, сол сөздің рас екендігін толық танимыз. Жұмыр жерде білім мен ғылым саласы озық кеткен мемлекеттер саны аз емес. Біз де сол биіктен көрінуге ұмтылғанымыз жөн. Шүкір, бүгінде еліміз азаттыққа қол жеткізді. Біздің әлем жұртшылығы алдында еңсеміз биік болуы үшін қандай қадам жасауымыз тиіс? Біз сол жайында ойлануымыз қажет. Сонда өзгенің алдына түсуге, озық болуға мүмкіндік бар. Бұл орайда Абай қазақтың басты бағдарын айқындап берді», - деді ол.

Шәкизада Әбдікәрімов бұл орайда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 10 тамызды Абай күні ретінде жариялауы ел тарихындағы ерекше оқиға екенін айтып өтті.

«Ендігі кезекте Абай жайында жылма-жыл кең ауқымда насихат жасалады. Оның әлемін түсінуге, нұсқаған бағдар-бағытын тануға жол ашылады. Біз алдағы уақытта не жасауымыз қажет? Бойымызда қандай жат әдеттер бар? Соны талғам таразысына тарта аламыз. Мемлекет басшысы өзінің республикалық баслымдарда жарияланған мақаласында «Біз бәсекеге қабілетті мемлекет болу үшін Абай мұрасын естен шығармауымыз керек. Себебі ұлт ретіндегі жаңару идеясы да оның көзқарасымен үндесіп жатқаны анық» деп атап көрсетті. Қазақстан тәуелсіз мемлекет ретінде алға қадам басып келеді. Ендеше, біз Абай жазған дүниелерді оқи отырып, келешек кемерінде ұлт ретінде қалай қалыптаса аламыз деген сауалға жауап табамыз», - деді Ш.Әбдікәрімов.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әділжан Үмбет

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT