Шәкен Айманов атындағы XIV халықаралық кинофестиваль ашылды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда кино жұлдыздары Шәкен Айманов атындағы кинофестивальдің қызыл кілемінде жүріп өтті, деп хабарлайды Қазақпарат тілшісі.

Атап өткен жөн, бұған дейінгі кинофестивальдер «Шәкен жұлдыздары» атауымен өткен.

Қызыл кілемде кинофестиваль президенті Асанәлі Әшімовпен бірге қазақстандық кино жұлдыздары және шетелдік қонақтар: түркімен кинорежиссері Ходжакули Нарлиев пен танымал түркімен актрисасы Мая Аймедова, ауған режиссері Сиддик Бармак, әзербайжан режиссері Октай Миркасимов, қырғыз режиссері Болот Шамшиев және америкалық актер Питер Скарлет өтті.
null null null 

Кинофестивальдің ашылу салтанатында Асанәлі Әшімов Шәкен Аймановтың 20 жыл бойы М. Әуезов театрында еңбек еткенін, сондықтан да биылғы фестивальді театрда өткізуді ұйғарғанын жеткізді.

Өз кезегінде ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Ш.Айманов еңбектерін насихаттап жүрген Асанәлі Әшімовке алғыс білдірді.

«Ш.Айманов есімін ұмыттырмау үшін Асанәлі аға тер төгіп келеді. Кей жылдары қаржылық қиындықтар болғанда да, Асанәлі аға фестивальді өткізуге бар күш-жігерін арнады. Фестивальдің Шәкен Айманов шығармашылық жолын бастаған театрда өтуі де қуантады. Баршаңызды кинофестивальдің ашылуымен құттықтаймын», - деді министр.
null 

Сонымен бірге, Шәкен Айманов кинофестивалінің өз киелі ағашы таныстырылды. ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы, Асанәлі Әшімов, Алматы әкімінің орынбасары Арман Қырықбаев және Ермек Тұрсынов ағаш бұтақтарына тілек жазылған ақ лента байлады.
null 

Фестивальдің конкурстық бағдарламасы үш бөлімнен тұрады. Көрермендер әлемдік, қазақстандық және түркітілдес елдердің толықметражды фильмдерін тамашалай алады.

null null null null null null null null null null null null null  null null null null null null

Автор: Майя Тенизбаева

Соңғы жаңалықтар