Шахзода ЭКСПО сахнасында ән салады

None
None
  АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесінде Өзбекстан Республикасының Ұлттық күні аталып өтуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

null
Ұлттық күн мерекесіне Өзбекстан жастарынан құралған арнайы делегация келді. Олардың арасында Орталық Азияға танымал әншілер, спортшылар және жүзден астам белсенді жастар бар.

Ұлттық күннің салтанатты ашылу рәсімінде сөз сөйлеген  Өзбекстан Республикасы президентінің мемлекеттік кеңесшісі, Өзбекстан жастар одағы орталық кеңесінің төрағасы Кахрамон Куранбаев өз елінің ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысуы - Шығыс пен Батыс, Еуропа мен Азия арасындағы диалогтық әріптестікті нығайтудағы кезекті қадам екенін атап өтті.

«Өзбекстан Қазақстанмен саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық, көлік-коммуникациялық, мәдени, гуманитарлық және өзге де салалардағы перспективалық дамуларға ерекше көңіл бөліп отыр.  Өзбекстан Республикасының Астанада өтіп жатқан ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне қатысуы да осының айғағы. Өзбекстан «Астана ЭКСПО-2017» көрмесіне «Жастар - болашақтың энергиясы» ұранымен қатысуда. Біздің еліміздің 64 пайызынан артығын 30 жасқа дейінгі жастар құрайды. Бұл еліміздің гүлденуіне септігін тигізетін үлкен адами күш», - деді ол.
null 

Өз кезегінде ҚР Ұлттық экономика министрлігінің бірінші вице-министрі Руслан Дәленов Қазақстан үшін Өзбекстанмен қарым-қатынастардың аса маңызды екенін баса айтты.

«Қазіргі уақытта жетекші өзбек компаниялары Қазақстанда жемісті еңбек етіп келеді. Өзбекстан капиталының қатысуымен Қазақстанда мыңға жуық кәсіпорын жұмыс істейді және олардың санын ұлғайтуға қызығушылық та жоқ емес. 2017 жылдың алғашқы жартыжылдығында екі ел арасындағы тауар айналымы 35 пайызға артып, 921 миллион АҚШ долларын құраған.  Өзбекстан - Қазақстанның халықаралық аренадағы сенімді серіктесі. Бұл қарым-қатынастар біз үшін аса қымбат және оны екі ел халықтарының қажетіне орай, нығайтуға тырысамыз», - деді Руслан Дәленов.
null 

Ұлттық күн сахнасында Өзбекстанның «Сурхон» және «Элдидо» топтары өнер көрсетті. Сонымен бірге, кешкі 17:00-ден бастап ЭКСПО-ның Энергия холында Гулсанам Мамазоитова, Шахзода, Зиеда Кобилова, Сардор Рахимхон, Юлдуз Турдиева, Улугбек Рахматуллаев, Алишер Файз және өзге де өзбек эстрада жұлдыздары барша құрметті қонақтарға ғаламат шоу ұсынбақ.
null 

Айта кетейік, ЭКСПО-2017 көрмесіндегі Өзбекстан павильоны келушілер ең көп тамашалаған халықаралық павильондардың ондығына енді. Онда көрме қонақтары мемлекеттің ғылыми-өндірістік әлеуетімен, энергетика саласымен, тәуелсіздік жылдары қол жеткізген жетістіктері мен төмен деңгейлі көміртекті даму бағдарламаларымен таныса алады.

Соңғы жаңалықтар