Шахтинскіге қарасты кенттегі опырылған үйді аршуға 280 адам жұмылдырылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Шахтинскіге қарасты Шахан кентіндегі құлаған тұрғын үйдің үйінділерін аршуға 280 адам жұмылдырылды, деп хабарлайды ҚР ІІМ ТЖК ресми өкілі Руслан Иманқұлов.

«Қазіргі уақытта Шахан кентіндегі құлаған үйдің үйінділерін тазартуға 280 адам жұмылдырылды, олардың қатарында құтқарушылар, полиция қызметкерлері, жергілікті атқарушы органдар, жедел медициналық жәрдем бригадасы, Ұлттық ұланның 52859 әскери бөлімінің ауыр техникасы және жеке кәсіпкерлер бар», -  деп мәлім етті Руслан Иманқұлов. 
Бұған дейін хабарланғандай Қарағанды облысы Шахтинск қаласына қарасты Шахан кентіндегі тұрғын үйдің құлау оқиғасына қатысты Шахан кенті әкімдігі қасынан шұғыл желі ашылды: 8 (72156) 3-24-17.
Еске сала кетейік , 1 қаңтар күні 22:40-та Қарағанды облысы ТЖД құтқару бөліміне Шахтинск қаласы Шахан ауылындағы көпқабатты үйдің бір бөлігі опырылып түскені туралы қоңырау шалынған. Оқиға орнына шұғыл түрде ТЖД құтқарушылары жөнелтіліп, тұрғындар эвакуацияланды. Әуелі 1 адамның мәйіті үйінді астынан шығарылған болатын. Кейін екінші тұрғынның денесі үйінді астынан табылды.

Соңғы жаңалықтар