Шахтинскіде полицияны аспанға оқ атуға мәжбүр еткен бұзақылар тергеліп жатыр

None
ШАХТИНСК. ҚазАқпарат – Шахтинскіде полицейлер төбелесті тоқтату үшін аспанға оқ атуға мәжбүр болды, бұзақылар түгелдей бөлімшеге жеткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат polisia.kz телеграм каналына сілтеме жасап.

22 наурыз күні сағат 23:50 шамасында Шахтинск полиция бөлімінің кезекші бөліміне қаладағы түнгі көңіл көтеретін орындардың бірінің маңында кикілжің болып жатқаны туралы хабарлама түскен. Оқиға орнына тез арада сол маңға жақын патрульдік полиция жасағы жіберіледі.

«Белгісіз адамдардың қатысуымен төбелес болып жатқаны анықталды. Құқыққа қайшы әрекеттерді және ауыр зардаптарды болдырмау мақсатында полиция қызметкерлерінің бірі аспанға ескерту ретінде оқ атты. Оқиғаға қатысушылардың барлығы полиция бөліміне жеткізілді», - деді полициядан.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 293-бабы 2-бөлігіне («Бұзақылық») сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.


Соңғы жаңалықтар