Шахтинскіде өртенген пәтерден «АрселорМиттал Теміртау» заңгерінің денесі табылды

None
Фото: hippopx.com
ШАХТИНСК. ҚазАқпарат - Шахтинск қаласындағы көпқабатты үйлердің бірінің пәтерінде өрт сөндіру кезінде ТЖД қызметкерлері 54 жастағы әйелдің денесін тапты. Ол «АрселорМиттал Теміртау» компаниясының заңгері болып шықты. Әйелдің денесінде пышақ жарақаты болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қайғылы оқиға 23 сәуір түскі уақытта болған. 112 қызметінің диспетчерлеріне бес қабатты үйде өрт шыққаны туралы хабар түскен.

«23 сәуір сағат 13:01-де Шахтинск қаласында Жеңіске 40 жыл көшесі, 79-шы үйде өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті. Бес қабатты тұрғын үйдің 5-қабатындағы пәтерде жалпы ауданы 6 шаршы метр аумақта жиһаз бен үй заттары өртенді. Өрт орнынан 1969 жылы туған әйелдің денесі табылды. ТЖ департаментінің күшімен кіреберістегі пәтерлерден 9 адам эвакуацияланды. Өрт 13:25-те оқшауланып, 13:31-де толық сөндірілді. Оқиғаның мән-жайы мен өрттің себебі анықталып жатыр», - деп хабарлады Қарағанды ТЖД баспасөз қызметі.

Белгілі болғандай, қайтыс болған адамның денесінен пышақ жарақатының ізі табылған. Полиция «кісі өлтіру» бабы бойынша іс қозғады.

«Аталған факті бойынша ҚР ҚК 99-бабы 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс тіркелді. Қазіргі уақытта кінәлі адамды және болған оқиғаның мән-жайын анықтау бойынша жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізіліп жатыр. Қажетті сараптамалар тағайындалды»,-деп түсіндірді Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі.


Соңғы жаңалықтар