Шахтинскіде фин технологиясы бойынша жаңа балабақша салынады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Шахтинскіде балабақшаға кезекті толығымен жою жоспарланып отыр. Ол үшін келесі жылы мұнда 320 орынға шақталған фин технологиясы бойынша балабақша салынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қарағанды әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап. 

Бұл туралы Шахтинск қаласының білім бөлімінің жетекшісі Николай Онсович Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошановқа жұмыс сапары барысында мәлімдеді.

«Біздің қаламызда сегіз балабақша жұмыс істейді. Олардың әрқайсысында 1-3 жас аралығындағы бүлдіршіндерге арналған дамыту топтары бар. Сондай-ақ, жекеменшік «Капуста» сәбилер балабақшасы жұмыс істейді. Бір жастан үш жасқа дейінгі 300 бала кезекте тұр. Біз оны келесі жылы жабамыз. 320 орындық балабақша салуға дайын инвестор табылды», - деді ол. null

Жаңа ғимарат қабырғалық панельдерден фин технологиясы бойынша салынады. Соның арқасында балабақша жарты жылда салынып бітуі тиіс. Мекеме мемлекеттік-жекеменшік әріптестік бағдарламасы бойынша жұмыс істейтін болады. Жергілікті бюджеттен әр балаға 26 000 теңге бөлінеді, ата-аналар болса айына 11 мың теңге төлейді. Мұндай әріптестік құру үшін барлық құжаттар дайындалып қойған.

«Біз МЖӘ бағдарламасы бойынша жұмыстың басталуын күтіп отырмыз. Әзірге ата-аналар үшін төлемақы қымбат - күніне 1300 теңге. Бірақ балалар кішкентай болғандықтан, олар бейімделу кезінде өте жиі ауырады. Сондықтан айына 30 000 теңгенің орнына біз бір баладан 13-15 мың теңге аламыз. Әзірге біздің сәбилер балабақшасы «минусқа» өтіп кетті деуге болады», - деді «Капуста» сәбилер балабақшасының директоры Елизавета Уманцева. null null

Шахтинск облыс бойынша 1-3 жас аралығындағы сәбилер үшін балабақша кезегі болмайтын алғашқы қала болады.

Еске сала кетейік, 2017 жылдан бастап мемлекеттік-жекеменшік әріптестік бағдарламасының арқасында балабақшаларға балаларды 1 жастан 6 жасқа дейін беруге болатын ереже рәсімделді. Бұл бағдарлама бойынша жергілікті атқарушы органдар мектепке дейінгі мекемелерде айына бір балаға 26 000 теңгені құрайтын мемлекеттік тапсырыс орналастырады. Ал, ата-аналар айына тек 11 000 теңге төлейді.

Соңғы жаңалықтар