Шахтинск тұрғыны ресейлік емшінің есебіне 1 миллионнан астам теңге аударған

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Шахтинск қаласының тұрғыны ресейлік жүйке жүйесі емшісінің есебіне 1 млн 129 мың теңге аударған. 

Шахтинск қаласының ішкі істер бөлімінің қызметкерлері мұндай жағдайлардың жиілеп кеткендігін ескертеді. Яғни, аңғал тұрғындар тірнектеп жинаған қаржыларын өздерінің қызметтерін телеарна арқылы кеңінен жарнамалайтын күмәнді «емшілерге» өздері апарып береді.

Ең қиыны мұндай жағдайда қаржыны қайтарып, алаяқты жазаға тарту іс жүзінде мүмкін емес. Өйткені азаматтар ақшаларын ерікті түрде береді.

Осындай жағдайлардың бірі жақында ғана орын алған болатын. 21 ақпан күні Шахтинс қаласының полиция қызметіне әйел азаматтың баласы келіп, өткен және осы айда оның өз еркімен ресейлік бір емшінің есебіне 1 млн 129 мың теңгені аударғандығын айтқан. Әйел ресейлік телеарналардың бірінен арнайы білімі бар жүйке жүйесін «емдеушінің» жарнамасын көріп, ондағы нөмірге бірден телефон шалған.

Телефонмен байланысқа түскен соң әйел олардан ажырай алмай қалған. «Емшілер» бұдан әрі әйелмен скайп арқылы жеке жұмыс жүргізіп, оның ақысын да алып отырған.

«Интернет емшінің» әйелдің денсаулығын қаншалықты түзегендігі белгісіз. Ал, осы қызметі үшін алған ақысы қомақты. Сол сбеепті тәртіп сақшылары тұрғындарға мұндай қадамға барудан бұрын дұрыстап ойланып алу қажеттігін ескертеді.

Соңғы жаңалықтар