Шахтинск қаласында студенттерге арналған жатақхана ашылады

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды облысында колледж жатақханаларының жағдайы тексеріліп жатыр. Аймақтағы 21 студент үйінің 16-сы тексерілді. Олардың жағдайы туралы облыстық білім басқармасының басшысы Гүлсім Қожахметова айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Студент жатақханаларының жағдайын тексеру үшін мобильді топ құрылды, оның құрамына Nur Otan партиясының сыбайлас жемқорлыққа қарсы департаментінің, облыстық білім басқармасының және білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының өкілдері кірді. Олар қазан айының басынан бастап Қарағанды, Саран, Пришахтинск және Абай ауданы колледждері студенттерінің жағдайын зерттей бастады.

«Қарағанды облысында мемлекеттік колледждерде 21 жатақхана жұмыс істейді. Біз олардың 16-сында тұрмыстық жағдайды және санитария талаптарының сақталуын зерттедік және жұмысты жалғастырамыз. Біздің міндетіміз – жатақханада студенттердің тұруы үшін оңтайлы жағдай жасау», - деді Гүлсім Қожахметова.

Бұл жұмыс Балқаш, Жезқазған және өңірдің басқа да аудандарында жалғасады.

Биыл жылдың соңына дейін Шахтинск қаласында жаңа студент жатақханасын ашу жоспарланып отыр. Студенттердің жатын орынының жетіспеушілігі мәселесін шешу үшін Шахтинск технологиялық колледжінің ғимаратының бірі жөнделді. Жаңа жатақханаға 80 студент орналаса алады. Жөндеу жұмыстарына 147 млн теңге бөлінді және олар аяқталып қалды. Жыл соңына дейін жатақхананы пайдалануға беру жоспарланып отыр.


Соңғы жаңалықтар