Шахтинск қаласында өртенген пәтерден ер адамның мәйіті табылды

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысының Шахтинск қаласында бір бөлмелі пәтерді от шарпыды. Өрт сөндірушілер 35 адамды құтқарды, 60 адамды эвакуациялады. Өрт сөндіру барысында пәтер иесінің денесі табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

10 қазан күні сағат 23:11-де Шахтинск қаласында «Маркс көшесі, 44Г» мекенжайындағы 5 қабатты тұрғын үйде өрт болып жатқаны туралы хабарлама келіп түсті, 4-қабаттағы бір бөлмелі пәтерде жалын 10 шаршы метр жерді шарпып, үй заттары, жиһаз және тұрмыстық техника жанып кетті.

ТЖД бөлімшелерінің күшімен тұрғын үйдің кіреберіс пәтерлерінен 35 адам құтқарылды, 12 бала, 60 ересек адам, оның ішінде 15 бала эвакуацияланды.

«Өрт сөндіру барысында 1967 жылы туған пәтер иесінің денесі табылды, өрт 23:45-те сөндірілді. Алдын ала болжам бойынша өрттің себебі отты абайсыз қолдану (темекі шегу) болды», - деп хабарлады Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі.


Соңғы жаңалықтар