Шахтинск қаласында көпбалалы отбасыларға пәтер берілді

None
None
ШАХТИНСК. ҚазАқпарат – Жаңа жыл мерекесі қарсаңында Шахтинск қаласының 15 көп балалы отбасына пәтер кілті табыс етілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Тұрғындарға «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша Молодежная көшесіндегі қайта жаңартылған үйден пәтер берілді. Жөндеу жұмыстары біткен пәтерлер қоныстануға дайын. Олардың ішінде 1 үш бөлмелі, 9 төрт және 5 бес бөлмелі.


«Бүгін көптен күткен баспанаға ие болғандардың барлығын құттықтаймыз. Сіздердің үйлеріңіз әрқашан жайлы және жылы болсын! Тек қуаныш, махаббат, бақыт және жақсы көңіл-күй болсын»! - деп Шахтинск қаласының әкімі Сержан Аймақов жаңа қоныстанушыларды құттықтады.

Қала басшысы шахтинскіліктерді тұрғын үймен қамтамасыз ету жұмыстары келесі жылы да жалғасатынын атап өтті.


Соңғы жаңалықтар