Шахтерлердің зейнетке шығу жасы төмендеуі мүмкін

None
Фото: iqreview.ru
АСТАНА. ҚазАқпарат – Елімізде шахтерлердің зейнетке шығу жасы қайта қаралып, нақтыланып жатыр. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біз бұл мәселені қарастырамыз. Себебі зиянды еңбек жағдайлары бар, бұл орайда халықаралық тәжірибеге сүйенеміз. Мысалы, 15 жылға дейін зиянды жағдайда жұмыс істеуге болады. Одан әрі денсаулыққа зиян келтірмеуі үшін басқа жұмысқа ауысуы керек. Біз қазір шахтерлердің әлеуметтік қамсыздандырылуына әсер ететін жұмыстың шекті кезеңін нақтылап жатырмыз», - деді Тамара Дүйсенова Үкімет отырысынан кейін БАҚ өкілдерінің сауалына жауап бере тұрып.

Сондай-ақ, ведомство басшысы шахтерлердің 63 жасқа дейін жұмыс істеуі мүмкін еместігімен келісітінін айтты.

Айта кетейік, осы уақытқа еңбек даулары мен жанжалдарын шешу тәртібін оңайлататын заң қолданысқа енгенін жазған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар