«Шахтер» Қазақстан Кубогының жартылай финалына шықты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Шахтер» футбол клубы Қазақстан Кубогының жартылай финалына шықты, деп хабарлайды Sports.kz.

Астанада өткен Қазақстан Кубогының ширек финалында көкшетаулық «Оқжетпес» қарағандылық «Шахтерден» 1:2 есебімен жеңілді.

Алғашқы таймда гол соғылмады. Алайда, үзілістен кейін бірден екі гол соғылды, екеуін де Дидье Борис Кадио мен Марко Станоевич Саша Стаменковичтің қақпасына бағыттаған еді. Соңғы голдың авторы Сергей Шафф болды.

Турнирдің жартылай финал кездесулері 24 мамырда және 21 маусымда өтеді. 

Соңғы жаңалықтар