«Шахтер» футбол клубының бас бапкері тағайындалды

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағандылық «Шахтер» футбол клубының жаңа бас жаттықтырушысы тағайындалды. Бұл қызметті украин маманы Вячеслав Грозный атқаратын болды, де,п хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Кеншілер командасына бір жыл жетекшілік ету жөніндегі келісімшартқа украин маманы Вячеслав Грозный қол қойды.

63 жастағы маманның соңғы жұмыс орны - украиндық «Арсенал-Киев» клубы. Вячеслав Грозныйдың Украина, Ресей, Болгария клубтарында үлкен жұмыс тәжірибесі бар. Қазақстанда қостанайлық «Тобыл» мен павлодарлық «Ертісте» атқарған қызметімен белгілі.

Сондай-ақ Грозный өзінің бапкерлік мансабында болгарлық «Левски», ресейлік «Терек», грузиялық «Динамо» және украиндық «Арсенал» (Киев), «Металлург» (Запорожье) және «Гверла» клубтарын жаттықтырған.


Фото: shakhter.kz
Соңғы жаңалықтар