15.04.2023 16:52 Қазақстан прокурорлары ArсelorMittal ісі бойынша Люксембург органдарына өтінім жолдады АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстанның прокурорлары ArсelorMittal компаниясының бірінші басшыларынан жауап алу үшін Люксембург органдарына өтінім жолдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
14.12.2022 09:43 «АрселорМиттал Теміртау» компаниясына Бас прокуратура тексеру жүргізіп жатыр – министр АСТАНА. ҚазАқпарат – Үкімет отырысында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев «АрселорМиттал Теміртау» компаниясының келісімшарт міндеттемелері қайта қаралып жатқанын мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
09.12.2022 19:55 «АрселорМиттал Теміртау» қызметкерлері желтоқсан айында 13-ші жалақы алады ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев өзінің алғашқы жұмыс күнін кеншілермен кездесуден бастады. Ол «АрселорМиттал Теміртау» АҚ еңбек ұжымдарына төлемдер мәселелері жөніндегі келісу комиссиясының отырысын өткізді.
08.12.2022 14:58 Үкімет «АрселорМиттал Теміртау» бойынша белсенді келіссөздер бастап кетті - Премьер-Министр ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Өңір активімен кездесуде Премьер-Министр Әлихан Смайылов облыс басшылығы экономиканы, инфрақұрылымды, кәсіпкерлікті және әлеуметтік саланы дамыту жөніндегі шараларды іске асыруды жалғастыруы тиіс екенін атап өтті. Бұл туралы ҚазАқпарат Үкіметтің телеграм каналына сілтеме жасап хабарлайды.
29.11.2022 08:31 Әлихан Смайылов ArcelorMittal басшылығынан түбегейлі шаралар қабылдауды талап етті АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов ArcelorMittal компаниясының ТМД бойынша вице-президенті Виджай Гоялмен және «АрселорМиттал Теміртау» АҚ бас директоры Биджу Наирмен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Үкіметтің ресми сайтына сілтеме жасап.
15.11.2022 11:47 «АрселорМиттал Теміртау» шахтасындағы апатты тексеру қорытындысы 23 қарашада жарияланады АСТАНА. ҚазАқпарат –ҚР Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин 23 қарашада «АрселорМиттал Теміртау» компаниясының Ленин шахтасындағы апатты тексерудің қорытындылары жарияланатынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
10.11.2022 14:49 Сенат: Еңбек қауіпсіздігіне қойылатын талаптар қатаңдатылады АСТАНА. ҚазАқпарат – Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Қарағанды облысындағы Ленин атындағы шахтада шахтерлер қазасынан кейін кінәлілер жауапқа тартылатынына сенім білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
10.11.2022 11:33 Әлихан Смайылов «Арселор Миттал Теміртау» компаниясына қандай шара қолданылатынын айтты АСТАНА. ҚазАқпарат - Премьер-Министр Әлихан Смайылов Ленин атындағы шахтадағы шахтерлер қазасынан кейін «Арселор Миттал Теміртау» компаниясына қандай шара қолданылатынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
06.11.2022 15:32 Шахтадан денесі табылған ер адамды ток соққан болуы мүмкін ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды полицейлері «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ға қарасты «Қазақстан» шахтасынан табылған ер адамға қатысты кейбір мәліметтерді нақтылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
05.11.2022 19:10 Апат болған шахтада көмір үгіндісінің бықсып жатқаны анықталды ҚАРАҒАНДЫ. КазАқпарат – Осыдан екі кұн бұрын апат болған Ленин атындағы шахтада тексеру өткізіп жатқан комиссияның жұмысы барысында көмір үгіндісінің бықсып жатқаны анықталды. Бұл туралы ТЖМ ресми өкілі Руслан Иманқұлов мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
05.11.2022 17:08 Шахтинск қаласында қаза тапқан кеншілерді ақтық сапарға шығарып салды ШАХТИНСК. ҚазАқпарат – Бүгін Шахтинск қаласында Ленин атындағы шахтада қаза тапқан кеншілерді жерлеу рәсімі өтті. Марқұмдардың туыстары мен жақындары оларды соңғы сапарға шығарып салды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
03.11.2022 21:05 Шахтадағы тексеру, кінәлілерді жазалау шаралары халыққа жариялануы керек - Эльвира Әзімова АСТАНА. ҚазАқпарат - Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Эльвира Әзімова «АрселорМиттал Темиртау» АҚ шахтасында қаза тапқандардың туыстарына көңіл айтып, оқиғаға пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
03.11.2022 17:48 Ленин шахтасы жабылмайды, мұнда әлі 10 жылға жететін көмір қоры бар – Жеңіс Қасымбек ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек апат жиі тіркелетін Ленин атындағы шахта жабылмайтынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
03.11.2022 17:34 Шахтинскідегі апат: Шахталарды улы қалдықтан залалсыздандыру 25 жыл бойы жүргізілмеген АСТАНА. ҚазАқпарат – 25 жыл ішінде «АрселорМиттал Теміртау» АҚ жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша шахта қабаттарында улы заттарды залалсыздандыру жұмыстарын жүргізген жоқ. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
03.11.2022 17:30 Ленин атындағы шахта іске қосылғаннан бері мұнда 69 адам қаза тапқан ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды облысының Шахтинск қаласындағы Ленин атындағы шахта іске қосылған 1964 жылдан бері 69 адамның өмірі қиылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
03.11.2022 17:20 Модернизацияның нақты бағдарламасы болуы керек - Кәсіподақ басшысы шахтадағы оқиға туралы АСТАНА. ҚазАқпарат - Елдегі шахталар ең алдымен заманауи қауіпсіз жабдықтармен қамтамасыз етілуі тиіс. ҚР Кәсіподақтар Федерациясының Қарағанды облысындағы Кәсіподақ орталығының төрағасы Болат Жұмабеков Шахтинскідегі шахтада болған қайғылы оқиғаға байланысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
03.11.2022 17:03 Апаттан кейін «АрселорМитталдың» 8 шахтасында жұмыс бір тәулікке тоқтады ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Шахтинскідегі апаттан кейін «АрселорМитталдың» 8 шахтасында жұмыс бір тәулікке тоқтатылған. Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин өңірлік коммуникациялар қызметінде өтіп жатқан брифингіде мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
03.11.2022 16:56 Шахтинскідегі апаттан қаза тапқан 5 кеншінің отбасына пәтер беріледі ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Бүгін түнде Шахтинскідегі апаттан қайтыс болған 5 кеншінің отбасына қосымша пәтер беріледі. Бұл туралы Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек өңірлік коммуникациялар қызметінде өтіп жатқан брифингіде айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
03.11.2022 16:45 Жеңіс Қасымбек шахтада жарақат алған 4 кеншінің жағдайын айтып берді ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек Шахтинскідегі апаттан жарақат алған 4 кеншінің жағдайы туралы мәлімет берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
03.11.2022 16:36 Өндірістегі адам өліміне жауапкершілік басшыға жүктелуі тиіс – депутат шахтадағы апат жайында АСТАНА. ҚазАқпарат – Мәжіліс депутаты Альберт Рау 5 адам қаза тапқан Шахтинск шахтасындағы қайғылы жайтқа пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.