Шахматтан жасөспірімдер олимпиадасында Қазақстан құрамасы төртінші орынды иеленді

None
None
ЧОРУМ. ҚазАқпарат - Қазақстанның жасөспірімдер құрамасының отандық шахмат тарихындағы ең жақсы нәтижеге қол жеткізді. Түркияның Чорум қаласында өткен жасөспірімдер олимпиадасында Қазақстан құрамасы төртінші орын алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазақстан шахмат федерациясына сілтеме жасап.

Жарысқа әлемнің 48 елінен келген үздік командалар қатысты. Қазақстан құрамасы командалық есепте 9 ойынның біреуінде ғана жеңіліп, Әзербайжан, Өзбекстан және Беларусь командаларынан ұпай саны бойынша ұтылды.

«Иә, бұл біздің жасөспірімдер құрамасының отандық шахмат тарихындағы ең жақсы нәтижесі, бірақ біз одан да жақсы ойнайтын едік. Тек сәттілік жеткіліксіз болды. Дегенмен, бұл жақсы бастама екеніне сенімдімін, енді бұл орыннан айырылуға құқығымыз жоқ», - дейді шахматтан Қазақстан жастар құрамасының жаттықтырушысы Әнуар Исмағамбетов.

Әр командадан 4 ойыншы қатысты: үш ұл және бір қыз. Қазақстан құрамасынан Қазыбек Нөгербек, Бибісара Асаубаева, Арыстан Исанжулов және Нұрғали Назерке қатысты. Айта кету керек, Бибісара екінші ерлер тақтасында ойнады.

«Бұл Олимпиада өте маңызды болды. Жеке жарыста қазақстандықтар 4 медаль жеңіп алды. Қыздар арасында Нұрғали Назерке мен Бибісара Асаубаева 2 және 3-ші орындарды иеленді. Арыстан Исанжулов үшінші тақтада үздік атанды, ал Назерке Нұрғали төртінші тақтада қола жүлдеге ие болды», - дейді Қазақстан шахмат федерациясының атқарушы директоры Ирина Грищенко.

Соңғы жаңалықтар