Шахматтан Қазақстан чемпиондары анықталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қарағандыда шахматтың рапид және блиц түрлерінен ерлер арасында Қазақстан чемпионаты аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазақстанның Шахмат федерациясына сілтеме жасап.

Жылдам шахматтан оралдық Азамат Өтеғалиев чемпион атанса, блицтің алтын медалін қарағандылық Рүстем Хуснутдинов еншіледі.

«Турнирді жыл сайын Қарағандыда өткізу дәстүрге айналды. Жалпы, Қазақстанның үздік 57 спортшысы бақ сынады. Ойындар шын мәнінде тартысты әрі қызықты болды», - дейді чемпионаттың бас төрешісі Олег Ринас.

Жеке-дара біріншілікпен қатар, командалық чемпионат та өткізілді. Блиц партияларында 9 облыстық команда өзара күш сынасты. Командалық чемпионатта Денис Махнев, Константин Казаков, Темірлан Бектұров және Кристина Кимнен құралған Павлодар облысының командасы жеңіске жетті.

Соңғы жаңалықтар