Шахматтан Қазақстан балалар кубогы аяқталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жасөспірімдер арасында бірінші орынды Сұлтан Аманжол алды. Күміс жүлдені Алан Петухов иеленсе, қола медальді Тимур Кеңбейілов еншіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазақстан шахмат федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қыздар арасында бірінші орынды Әмина Қайырбекова, екінші орынды Лауда Әбділбаева, үшінші орынды Айша Ален алды.

Жарысқа еліміздің тоғыз өңірінен - Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтөбе, Орал, Павлодар, Шымкент, Қарағанды, Қызылорда және Қостанай қалаларынан 20 шахматшы қатысты.

Соңғы жаңалықтар