Шахматтан халықаралық онлайн турнирде Әсел Лесбекова жүлделі орынды иеленді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жақында Гейдар Әлиевтің туғанына 97 жыл толуына арналған шахматтан онлайн-турнирде қазақстандық шахматшы Әсел Лесбекова жүлделі орынға ие болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Халықаралық турнирді Әзербайжан Білім министрлігі мен Әзербайжан шахмат федерациясы ұйымдастырды.

Халықаралық турнирдің мақсаты – карантин кезінде балалардың бос уақытын тиімді пайдалану, заманауи технологиялар арқылы шахматшылардың тәжірибесін көтеру.

Ұйымдастырушылардың хабарлауынша, 43 елден 209 шахматшы қатысқан турнир өте тартысты өтті. Бұл шараға 2003 жылы туған және 17 жастан кіші балалар қатысты.

Қыздар арасында бірінші және екінші орынды әзербайжандық Малак Исмаил мен Говхар Бейдуллаева өзара бөлісті. Ал қазақстандық шахматшы Әсел Лесбекова үшінші орынды алды.

Жүлдегерлер дипломдармен әрі арнайы сыйлықтармен марапатталды.

Әсел Лесбекова шахматтан Қазақстанның спорт шебері. Бұл атақты ол 2017 жылы 13 жасында иеленді.


Соңғы жаңалықтар