Шахматшыларымызға қандай қолдау көрсетіп отырмыз

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Әлемдік турнирлерде елдің атын шығарып жүрген шахматшыларға өзге спорт өкілдеріне көрсетілгендей қолдау қарастырылған ба? Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде Спорт және дене шынықтыру істері комитеті мен Қазақстан шахмат федерациясының өкілдеріне осындай сұрақ қойылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жансая – әйелдер шахматының жетекші гроссмейстерлерінің бірі. Мемлекет тарапынан тек Жансаяға ғана емес, ерлер, әйелдер, балалар мен жасөспірімдер құрамаларына нақты қолдау көрсетіледі. Спортшыларға төленетін стипендиялар бар. Федерация тарапынан спортшыларымызды Қазақстанның жетекші шахматшыларымен бірге оқу-жаттығу жиындарынан өту үшін халықаралық жарыстарға жіберу үшін қаражат іздестіріп отырамыз», - деді Қазақстан шахмат федерациясының директоры, халықаралық гроссмейстер Әнуар Есмағамбетов.

Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Серік Сәпиев болса, Мәдениет және спорт министрлігі тарапынан шахмат федерациясына нақты қолдау қарастырылғанын атады. Оның айтуынша, биыл федерация жұмысын қодау үшін бюджеттен 32 млн теңге бөлу жоспарланған. Бұл – жыл сайын шахматты қолдауға бөлінетін қаражаттың нақты көлемі.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жансая Әбдімәлікті ФИДЕ Гран-приіндегі жеңісімен құттықтаған болатын.

Еске салсақ, аталмыш турнирдегі жетістігі үшін отандасымыз ерлер арасындағы халықаралық гроссмейстер атанды.


Соңғы жаңалықтар