Шахматшы Сәдуақасова әйелдердің әлемдік рейтингінде ТОП-30 қатарына енді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық Динара Сәдуақасова ТОП-30 шахматшы қыздар қатарына енді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы БАҚ өкілдеріне Сәдуақасованың атындағы шахмат академиясы хабарлады.

Онда «Қазақстандық шахматшы Динара Сәдуақасова халықаралық турнирде бірінші орын алып, әлемдегі мықты шахматшы әйелдер қатарына енді. HDBank Cup Internasional Open Chess 2017 халықаралық турнирі Вьетнамда өткен. Турнирге 21 елден 103 шахматшы қатысты. Осы жарыста жеңімпаз атанған Сәдуақасова шахматтан әлемнің үздік 30 әйелі қатарына енген алғашқы қазақстандық шахматшы атанды», - деп жазылған.

Соңғы жаңалықтар