Шахмат: Ринат Жұмабаев Халықаралық турнирдің күміс жүлдегері атанды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 19-28 ақпан аралығында Ресей астанасы Мәскеуде өткен шахматтан «Аэрофлот Опен 2020» Халықаралық турнирінде қазақстандық шахматшы күміс медаль жеңіп алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Спортты дамыту дирекциясы» баспасөз қызметі хабарлағандай, байрақты бәсекеге 21 елден 97 спортшы қатысты. Олардың 65-і Халықаралық дәрежедегі гроссмейстерлер мен 30-ы Халықаралық дәрежедегі спорт шеберлері.

Қазақстан құрамасы сапында «А» категориясында сынға түскен отандасымыз Ринат Жұмабаев тоғыз кезең қорытындысы бойынша жарыстың күміс жүлдесін жеңіп алды.

Турнир алтынын Әзірбайжан шахматшысы Айдын Сулеймани иеленсе, қола жүлде де әзірбайжандық Рауф Мамедовке бұйырды.

Естеріңізге сала кетейік 2019 жылы елімізде өткен командалық Әлем чемпионатында Ринат 2016 жылғы вице-чемпион Сергей Карякинді жеңген болатын.

Ал мамыр айында Ташкентте (Өзбекстан) өткен Аймақтық турнирде алтын жүлде иегері атанып, қараша айында АҚШ-тың Сент-Луис қаласында өткен A Winter chess clssic туринирінде екінші орынға тұрақтады. Шахматтан Қазақстан құрамасының көшбасшысы Ринат Жұмабаевтың әлемдік рейтингі-2646 ұпайды құрайды.


Соңғы жаңалықтар