Шахмат ойнау «махаббат гормонын» арттырады - зерттеу

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Daily Mail басылымының жазуынша, шахмат, дойбы, домино секілді үстел ойындары махаббат гормоны аталып кеткен окситоциннің көптеп бөлінуіне алып келеді.

«Негізі, бұл зерттеудің нәтижесі керісінше болатынына сенген едік», - депті балалар және отбасы мәселесімен айналысатын маман доктор Карен Мелон. Оның айтуынша, бұл гормон отбасындағы ауызбіршілікке, тату-тәтті өмірге жақсы әсер етеді.

«Journal of Marriage and Family журналында жарияланған мақала авторларының айтуынша, бұл ғашықтардың бос уақытын қалай өткізетініне арналған алғашқы зерттеу екен» деп жазады басылым.

Зерттеуге 25 пен 40 жас аралығындағы 20 жұп қатысқан.

Соңғы жаңалықтар